​Шымкентте ең көрікті демалыс орны ашылды (фото)

0
3 263


​Шымкентте ең көрікті демалыс орны ашылды (фото)

фото: Жанболат Қалаубай

Бүгін Шымкент қаласында ең көрікті орындардың бірі болатын отбасылық демалыс орны "Арбат" ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Арбаттың" ашылуын көптен күткен қала қонақтары мен тұрғындар нөпірі жиналып, ресми ашылу салтанатына куә болды. Демалыс орнының ашылу салтанатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, және қонақтар "Арбаттың" шамын жағып, қала тұрғындары мен қонақтарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Демалыс аймағы Шымшаһардың ортасында, Бейбітшілік көшесінде орналасқан. Ұзындығы 430 метр, ені 35 метрді құрайды. Мұнда 7 субұрқақ орнатылған, сонымен қатар, велосипедпен серуендеушілер үшін арнайы жолақ бар. Тіпті, суретке түсуді жақсы көретіндерге арналған "селфи-аймақ" та бар.

Шынымен қапталған сарқырама да көпшіліктің көңілінен шыққандығы байқалады. Ең әсерлі орны граниттен жасалған Қазақстанның атлас-картасы мен 12 сәулеттік мүсін "Арбатқа" ерекшелік беріп тұр.