Шымкентте қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту жоспарланып жатыр

0
640

Тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту жоспарланып жатыр
Шымкент қаласында қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахановтың 9 айлық қорытынды есебінің мәліметінше, өткен жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылған.

Ал, биылғы жылғы мәліметке сәйкес, 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері іске қосылған.
Атап айтқанда Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясы (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы) – 2, Фонтан «Тюльпан» - 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеясы – 2, Наурыз алаңы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 6, Қазына саябағы маңында.
Алдағы жоспарға сәйкес, қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жоспарлануда. Тиісті жұмыстар атқарылса қала аумағындағы қоғамдық орындар толыққанды жоғарғы жылдамдықты интернет желісімен қамтылатын болады.
Айта кетейік, «Wi-fi aimaq» модемдерін қолданушылар саны 9000-ға жетсе, «Ақылды күнбағыс» кешенін қолданушылар саны 250 мыңға жуықтаған.