Мұндай белгі Украинаға кірген Ресейдің әскери техникасына қойылған.
Шымкентте артқы әйнегінде Z белгісіндегі жапсырмасы бар көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2 наурыз күні патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында С.Бәйтереков көшесінің бойында артқы әйнегінде Z белгісіндегі жапсырмасы бар көлік жүргізушісін тоқтатады. Тұрғынға бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Аталған жайт бойынша «Kia Soul» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Бапқа сәйкес осы құқықбұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.