​Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифтері жыл соңына дейін қайта қаралады

0
1 292

Шымкент қаласының әкімі монополистерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендетуді қайта қарауға шақырды.


​Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифтері жыл соңына дейін қайта қаралады

Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифтері жыл соңына дейін қайта қаралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен жиналыста белгілі болды. Шымкент қаласының әкімі монополистерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендетуді қайта қарауға шақырды.
Монополияға қарсы ведомство директорының айтуынша, қазір Комитет монополистердің барлық тарифтерді қайта қараумен айналысып жатқанын хабарлады. Және алғашқы оң нәтижелер де бар. Мәселен, монополистің өтініміне қарамастан, жылу тарифі өзгеріссіз қалды.
Энергетиктердің айтуынша, соңғы тарифке сатып алу құны әсер етеді. Егер ол қайта қаралатын болса, онда түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясының тарифін де қарау керек.
Мұндай пікірді газбен қамтамасыз етуші ұйымның басшысы да ұстануда. Бүгінгі күні электр энергиясына тарифтің 50% - ын сатып алу бағасы құрайды. Газға келетін болсақ, тариф бойынша 1 текше метр үшін 34,4 теңге, сатып алу құны 24, 245 теңгені құрайды.
Су шаруашылығының басшысы Анарбек Орман, судың ең жоғары тарифі Шымкентте екенімен келіседі. Өз кезегінде ол Мемлекет басшысының пікірін ескере отырып, қолда бар резервтерді ескере отырып, тарифті қайта қарауға дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында суды тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу қажет, деп сөзін түйді.
Шымкент қаласының әкімі монополистерге Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі идеяларын қолдауға әзір екендігі үшін алғыс айтып, оларды көптеген шымкенттік кәсіпкерлер жасаған және жоспарлап отырған қызметкерлердің жалақысын арттыруға шақырды.
Көлік тарифіне келер болсақ, ол қала басшысының пікірінше, жолаушылар тасымалының нақты шығынынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, Шымкентте жол жүру тарифін көтермейді. Ал көлік иелері қалыпты жұмыс істеуі үшін әкімдік екі құралдың бірін пайдалануды жоспарлап отыр. Біріншісі-дотация, екіншісі - Шымкент тұрғындарының әлеуметтік картасы.