Шымкентте көпбалалы ана ұлын 1 млн теңгеге сатпақ болған

0
584

Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келіскен.


Шымкентте көпбалалы ана ұлын 1 млн теңгеге сатпақ болған

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көп балалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Іс материалдары бойынша 31 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол танысына мәлімдеген. Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.
"Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған", - деп мәлімдеді Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов.
Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.