Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
423

Оның ішінде, Нұрсәт шағынауданы және Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер кіреді.


Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласының коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде, Нұрсәт шағынауданы және Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер кіреді. Аталған көппәтерлі тұрғын үйлердің басым көпшілігінің шатыры ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған.
Қазіргі таңда басқарманың теңгерімінде – 127 коммуналдық көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде: 63 – сатып алу құқығымен, 64 – сатып алу құқығынсыз болып белгіленген. Басқарма тарапынан аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, 63 коммуналдық тұрғын үйлерді (сатып алу құқығымен) кондоминиум объектісі ретінде тіркеу және оны басқару нысандарын таңдау үшін әзірленген Жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, үйлерді кондоминум нысаны ретінде тіркеу үшін жер учаскесінің мемлекеттік актісін алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат қаралуда.
Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізуге – баспаналардың жалпы ортақ мүлкі тозған үйлердің барлығы жатқызылады.