Бүгінгі таңда Шымкент қаласында аталған инфекция тіркелмеген.
Бүгін Шымкент қаласының әуежайында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басақармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесі, және медициналық ұйымдар қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем көрсету қызметі, санитарлық-карантиндік бақылау бекеті, Төтенше жағдайлар департаменті және әуежай қызметкерлерінің қатысуымен «коронавирусты инфекцияға күдікті» науқас түскен жағдайда жүргізілетін шаралар бойынша оқу-жаттығу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қытай Халық Республикасында тіркеліп отырған коронавирусты инфекцияның қала аумағында тіркелуінің және таралуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларымен санитарлық қадағалау бекеттерінде, медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық қадағалау күшейтіліп, қарқынды түрде тиісті санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында аталған инфекция тіркелмеген.
Коронавирустың белгілері жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) белгілеріне өте ұқсас, сондықтан, эпидемиолог мамандар ЖРВИ белгілері бар науқастармен мүмкіндігінше қарым-қатынасқа түспеу маңыздылығын ескертеді. Сондай-ақ, адам көп жиналған орындарда, қоғамдық көліктерде бір реттік медициналық бетперде тағуға кеңес береді. Ең бастысы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, әсіресе, қолды жиі сабындап жуу.
Коронавирусты инфекцияның белгілері: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, әлсіреп, тыныс алудың нашарлауы, жөтел, т.б. Ең қауіптісі - ауру өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін! Сондықтан, ЖРВИ, тұмау ауруларының белгілері пайда болған жағдайда, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз!
Инфекция Қытай елінде көптеп тіркеліп жатқандығын және өлім жағдайлары орын алғандығын назарға ала отырып, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытай Халық Республикасына және қауіпті инфекция тіркелген басқа да елдерге сапарға шығуды уақытша тоқтата тұруды ұсынады.