​ Шымкентте нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді

0
1 957

Нан қауымдастығы» ҚБ басшысы Әбдімәлік Көмекбаев нан бағасының өсуін бидай ұнының көтерілуімен түсіндіреді.


​ Шымкентте нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді

Шымкентте нан бағасы 10 теңгеге көтерілді. Күні бүгінге дейін дүкен сөрелерінде 50 теңгеден сатылып келген бір бөлке нан енді 60 теңгеден саудалануда. Осы орайда нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Нан қауымдастығы» ҚБ басшысы Әбдімәлік Көмекбаев нан бағасының өсуін бидай ұнының көтерілуімен түсіндіреді. Мәселен, бұған дейін 50 келі қаптағы ұн 3100 теңгеден сатылса, қазір 3900 теңге. Оның үстіне жарық пен су, газға төлейтін коммуналдық төлемдер мен тасымалдауға кететін бензин де қымбаттаған. Қауымдастық төрағасының мәлімдеуінше, заңды тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемі өскенімен (2016 жылдан бастап су – 24,7%, электрэнергиясы – 27,2%-ға қымбаттаған), сондай-ақ жанар-жағармай бағасы көтерілгенімен (АИ-92 – 25,2%, дизель отыны – 105,01%), қала әкімдігінің келісімімен нан пісірушілер алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік ретінде бірнеше жыл бойына нан бағасын көтермей ұстап тұрған. Сондықтан, 17 қыркүйекке дейін бір бөлке нан бағасы 50 теңге еді.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әсет Абдрахановтың айтуынша, әкімдік жағдайды сырттан бақылап қана қойған жоқ. Қауымдастықпен бірнеше келіссөздерден соң зерделеу жүргізіліп барып, нан бағасы шығарылды.

Қосымша айта кетсек, әкімдік тарапынан әлеуметтік өнімнің бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Яғни, нан бағасының одан әрі өсуіне жол берілмейді. Соған қарамастан, қазір Шымкенттегі нан бағасы еліміздегі ең төмен бағаны құрап отыр