Шымкентте наубайхана өртке оранды (видео)

0
1 126

Өрттің көлемі 210 шаршы метрді кұрады.


Шымкентте наубайхана өртке оранды (видео)

Шымкент қаласында наубайханадан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін сағат 16:15-те «101» басқару пультіне Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жолы көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер «Исламхановқа» қарасты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері жалпы көлемі 750 шаршы метр құрайтын 2-қабатты ғимараттың 2-қабатында наубайхана және шатыры жанын жатқандығын анықтады.


“Өрт сағат 17:14-те оқшауланып, сағат 17:33-те толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 210 шаршы метрді кұрады”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 31 адам жеке құрамы, 9 техникасы жұмылдырылды.