Шымкентте «Өрттің алдын алу шаралары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
344

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты - жастарға өрт бола қалған жағдайда,​алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету.


Шымкентте «Өрттің алдын алу шаралары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы «Төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлерімен бірге «Өрттің алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты жастарға өрт бола қалған жағдайда,алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету.
Түсіндірме жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан институтының «Парасат» колледжінде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылардың назарын өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Төтенше жағдайлара департаменті капитаны Ақмырза Мұстафаұлы төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлері, яғни өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шараларын айтып өтті.