Шымкентте өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус анықталды

0
473

Оның ішінде 13 адамнан ауру белгілері анықталған.


Шымкентте өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 13 адамнан ауру белгілері анықталған. 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 463 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 206 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 136 төсек орын бар, 35 науқас ем қабылдауда.