Оның 286 симптомды, 130 симптомсыз.
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның 286 симптомды, 130 симптомсыз. 109 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 207 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1346 адам ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 8473 адам вакцина алды (I компонент-4969, II компонент-3993). Егу науқаны басталғалы барлығы 330 323 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 202 020 адам вакцинаның екі компонентін алды.