Оның ішінде 194 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 224 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 418 жағдай (338 симптоммен, 80 симптомсыз) тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 194 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 224 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7453 адам вакцина алды (I компонент-2445, II компонент-5008). Егу науқаны басталғалы барлығы 347 612 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 224 333 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда.
21 шілде күні 658 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (658 кәсіпкерлік нысан).