Шымкент қалалық полиция департаменті бастығы атқарған жұмысының нәтижесін баспасөз жиынында баяндады.
Шымкентте отбасы тұрмысында, сотты болғандардың қатысуымен, мас халде жасалған қылмыстың көрсеткіштері артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Жұмахамбетов Ералының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.
Полиция бастығының айтуынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 4212–ден 4121-ге, яғни 2 пайызға, ал көшелерде орын алған қылмыстар 2339-дан 2185-ке, яғни 7 пайызға азайған.
"Отбасы тұрмысында жасалған қылмыстар 12-ден 29-ға яғни 141 пайызға, сотты болғандармен жасалған қылмыстар 692-ден 827-ге яғни 19 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 233-тен 276-ға, яғни 18 пайызға өскен", - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмахамбетов.
Сондай-ақ, анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар 77 пайызға жоғарылап, бүгінгі таңда 1 млрд 534 млн теңгеге айыппұл салынып, 785 млн 778 мың теңге өндірілген. Тиісінше өндіру пайызы 50-ден 51-ге жоғарылағап, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар 188-ден 137-ге, яғни 27 пайызға азайған.
Сонымен қатар, Е.Жұмахамбетовтың сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласындағы жалпы қоғамдық саяси ахуал тұрақты көрінеді.
"2019 жылы 59 тұлғаның (2018ж.–25) қатысуымен 4 рұқсат етілмеген шерулер өткізу кезінде 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып (2018ж.–2), қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына жол берілмеді", - деді қаланың бас полицейі өз сөзінде.