Шымкентте соңғы тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды

0
507

Оның ішінде 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте соңғы тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында соңғы тәулікте КВИ-дің 16 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 12, белгілері жоқ – 4), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 7 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 463 орын бар, төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 301 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 162 науқас, жансақтау бөлімінде 26 науқас ем қабылдауда.