Шымкентте соңғы тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

0
276

Оның ішінде 14 адамнан ауру белгілері анықталған.


Шымкентте соңғы тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында соңғы тәулікте КВИ-дің 20 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 14 адамнан ауру белгілері анықталған. 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 7 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын бар, төсек орын толымдығы 23%-ды құрайды, 582 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 181 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 177 төсек орын бар, 33 науқас ем қабылдауда.