Нәтижесінде 14 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді.
Шымкентте қаласындағы шалғай елді мекендерді интернетпен қамтасасыз ету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жыл басында қала әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс, Елтай Және Маятас тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуінде интернет мәселесі көтерілген болатын.
Осы елді мекендерге «Кар-Тел» компаниясы (Beeline) тарапынан екі базалық станция орнатылып, бүгін іске қосылды.
Нәтижесінде 14 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді.
Цифрландыру басқарманың жоспары бойынша 2023 жылы жоғарыда аталған елді мекендерде талшықты оптика желісі де жүргізіледі.