Шымкентте үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

0
1 350

Республикалық конкурстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді анықтап,ынталандыру.


Шымкентте үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Шымкент қаласының үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтау үшін іріктеуден 30-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен жарияланған «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында іріктеу өткізілді.

Республикалық конкурстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді анықтап,ынталандыру.

Еліміздегі үздіктердің үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаладағы 30-дан астам мемлекеттік қызметші ниет білдіріп, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша тест тапсырды.

Тест қорытындысымен екінші кезеңге жіберілген 6 мемлекеттік қызметші өз жобаларымен таныстырып, аталған жобалардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімділігін жеткізді.

Іріктеу барысында комиссия мүшелері үміткерлердің жеке мәліметтерін, жариялымдары мен марапаттарын, ғылыми атағы мен дәрежесін, спорттық және қоғамдық қызметін назарға ала отырып, жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі, мәселені шешудегі шығармашылық тәсілі, үміткермен мәселенің мәнін білу және оны зерттеу деңгейі, жүзеге асырудан күтілетін экономикалық тиімділігі бойынша баға берді.

Нәтижесінде, комиссия қорытындысының оң нәтижесін алған Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалықконкурсына жолдама алып, Шымкент қаласының намысын қорғауға мүмкіндік алды.