Шымкентте жылу, газ, жарық және су арзандайтын болды

0
2 817

Сонымен қатар, кәріз жүйесі қызметінің бағасы да қаңтар айынан бастап төмендейді.


Шымкентте жылу, газ, жарық және су арзандайтын болды

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық қызмет бағасы арзандайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еліміздің үшінші мегаполисінде газ, жарық, ауыз су, жылу, кәріз жүйелерінің қызмет көрсету құны алдыңғы жылдармен салыстырған бірнеше пайызға төмендейді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов айтты.

«Қаңтар айынан бастап Шымкент қаласында жылу бағасы 17%, жарық 6,8%, ауыз су 10%, кәріз жүйесі қызметі 10%, көгілдір отын 3,3% төмендейді», - дейді Нұрлан Әмірбекұлы.