Шымкенттегі әкімшілік іскерлік орталықтың маңдайшасы үш рет өзгерді

0
3 416

Бүгінгі таңда онда қала әкімдігі мен мәслихаты және 11 басқармаға қарасты 300 қызметкерге орын қарастырылды.


Шымкенттегі әкімшілік іскерлік орталықтың маңдайшасы үш рет өзгерді

Нұрсәттағы әкімшілік-іскерлік орталығына Шымкент қаласының әкім аппараты мен төмендегі құрылымыдық бөлімдер көшіп барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Естеріңізге салар болсақ, мұнан бұрын 16 қабатты ғимаратта мегаполис әкімдігі көшіп барғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Әзірге қала әкімдігі мен мәслихаты және 11 басқармаға қарасты 300 қызметкерге орын қарастырылды. Алғашқы көшіп-қону жұмыстары 30 тамыз - 2 қыркүйек күндеріне тура келді.

Сонымен, жаңа ғимаратқа көшкен мекемелерді біле жүріңіз:
- Шымкент әкімі аппараты;
- Шымкент мәслихатының аппараты;
- экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
- қаржы басқармасы;
- Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы;
- Кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасы;
- Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы;
- Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
- Құрылыс басқармасы;
- Мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы;
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
- Ішкі саясат және дін істері басқармасы;
- Ақпарттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы;
- Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы.

Өз орнында қалған басқармалар қатарында:
- білім басқармасы;
- денсаулық сақтау басқармасы;
- ТҮКШ басқармасы;
- спорт басқармасы;
- мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бар.
Алдағы уақытта тағы да өзгерістер болуы мүмкін.