Кәсіпорын айына 5 мың жиһаз шығарады.
Шымкенттегі фабрикаларда жиһазды роботтар дайындайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қазақстанда жасалған» деген статусы бар отандық өнім шығарушы кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде Шымкент қаласында бой көтерген ірі кәсіпорындардың бірі - "Mega smart" компаниясын айтуға болады.
Компанияда ең алғаш шағын гараж бен екі жұмысшы ғана болса, ал бірнеше жыл бұрын шеберханада санаулы ғана станок болған. Бүгінде ай сайын 30 мың шаршы метр плита мен 5 мың жиһаз шығарылады. Барлық жұмыстар толығымен автоматтандырылған.
«Mega smart» компаниясының мега жобасы бар, яғни онда жиһазды роботтар дайындайды. Фабрика халықаралық стандартқа сай өнім шығарады. Нәтижесінде Шымкенттен бөлек барлық өңірлерге тасымалдануда. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне және Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне экспортталады.
Айта кетейік, кәсіпорын халықаралық сертификаттаудан өткен. Сонымен қатар қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін берілетін ISO-14001 экологиялық сапа менеджменті және OHSAS сертификаты бар.