Шымкенттік полицейлер «Тұрмыс» жедел алдын алу іс шарасын өткізді

0
1 076

Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 6336 адам тексерілді.


Шымкенттік полицейлер «Тұрмыс» жедел алдын алу іс шарасын өткізді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы аумағында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция қызметкерлерімен 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында өткен іс-шара барысында отбасылық тұрмыста жасалған 291 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, 1152 құқық бұзушылықтарға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілген және тұрғылықты жері бойынша 6336 есепте тұрған адамдар тексерілген.

Сондай-ақ, 72 тұрмыстық зорлық-зомбылық жайттары анықталып, барлық анықталған жайттар бойынша заңды шаралар қабылданған.