​Шымкенттің білім саласына шағымданғыңыз келсе, Call-орталығына жүгініңіз

0
3 135

Енді өтініш жазып, халықтық кеңседе кезек күтпейсіз


​Шымкенттің білім саласына шағымданғыңыз келсе, Call-орталығына жүгініңіз

Шымкент қаласының білім басқармасы білім саласындағы кемшіліктерді жою мақсатында арнайы Call-орталығының көмегімен арыз-шағымдарды қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Білім беру саласында сұрақтарыңыз бар ма? Мүмкін, балаңызды мектепке немесе балабақшаға орналастыру бойынша сұрактарыңыз бар болар? Әлде, шағымданғыңыз келе ме? Енді өтініш жазып әкімдікке немесе халықтық кеңсеге барудың қажеті жоқ.

39-49-26 нөмірін теріп, Call-орталығының мамандарымен хабарласа аласыз. Ешбір өтініш жауапсыз қалмайды, әрбір сөйлесу автоматты түрде жазылып отырады», - делінген білім басқармасының хабарламасында.