Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
фото: Национальный паралимпийский комитет
ERNUR.KZ. Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Гауһар глобус жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл – 31 жылда болмаған тарихи жеңіс.
Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Соңғы рет Гауһар глобусті елімізге 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) әкелген еді.
11 наурыз күні Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол бұл жарыста екінші орын иеленіп, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында Гауһар глобусқа қол жеткізді. Бұл маусымда Ербол жалпы есепте 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Қазақстандық тағы бір пара биатлоншы Александр Герлиц те осы жарыста жүлдегер атанып, өз санатында күміс иеленді. Қазақстан үшін қысқы спорт түрлерінде Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жету – өте сирек кездесетін және аса маңызды оқиға.
Бұл жетістік – Қазақстан пара спортындағы жаңа белес. Енді басты мақсат – 2026 жылы Италияда өтетін қысқы паралимпиадада жеңіске жету.
Айта кетері, Ербол Хамитов – пара биатлон және пара шаңғы спортындағы ең табысты спортшылардың бірі.