32 жастағы футболшы пойыз қағып мерт болды

0
714

Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған екен.


32 жастағы футболшы пойыз қағып мерт болды

ERNUR.KZ. Испаниялық "Альбасете" командасының бұрынғы ойыншысы Пелайо Новоны өзінің туған қаласы Овьедода пойыз қағып кетті, деп жазады vesti.kz.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған екен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел қызмет 32 жастағы спортшыны аман алып қала алмады.

2018 жылы Пелайо "Уэски" командасымен ойын алдында қонақүйдің үшінші қабатынан құлап ауыр жарақаттар алған. Осыдан кейін ол карьерасын аяқтап, мүгедектер арбасына таңылған еді.

Ново карьерасында "Кордова", "Эльче", "Луго", румыниялық "Клуж" сапында өнер көрсеткен.