Кездесу 29-қаңтарға белгіленген.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-тағы жекпе-жегінің алдында допинг-тесттен өтеді, деп жазады vesti.kz.
"VADA Testing Бейбіт Шүменов пен Рафаэль Мерфиді 29 қаңтарда Флоридадағы жекпе-жегіне дайындығы кезінде біздің бағдарламаға қош келдіңдер дейді", — делінген мәлімдемеде.
Boxrec мәліметінше, ол 29 қаңтарда Холливуд қаласында бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуін қорғайды.
Бейбіт Шүменовтің қарсыласы америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) болмақ. 35 жастағы боксшы бірінші ауыр салмақта WBA рейтингінде 8-ші орында тұр