1/8 финалдың бірінші ойын күнінде англиялық «Ливерпуль» өз алаңында франциялық «Пари Сен-Жерменнен» 0:1 есебімен жеңілді.
Фото: Global Look Press
ERNUR.KZ. УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан алғашқы төрт команда белгілі болды, деп жазады inform.kz.
1/8 финалдың бірінші ойын күнінде англиялық «Ливерпуль» өз алаңында франциялық «Пари Сен-Жерменнен» 0:1 есебімен жеңілді. Алғашқы ойында англиялық клуб дәл осындай есеппен қарсыласын жеңген еді. Екі кездесудің нәтижесі теңескеннен кейін командалар овертайм өткізуге мәжбүр болды. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталды. Бұл жолы «Пари Сен-Жермен» клубының жолы болды.
Тағы бір кездесуде германиялық «Байер» сол елдің тағы бір командасы — «Баварияға» 0:2 есебімен жеңілді. Бірінші ойында да мюнхендік клуб 3:0 есебімен басым түскен еді. Нәтижесінде олар ширек финалға жолдама алды.
Ал италиялық «Интер» Нидерландтың «Фейеноордын» (2:1, 2:0), испаниялық «Барселона» Португалияның «Бенфикасын» (3:1, 1:0) екі мәрте қапы қалдырып кетті.
Екінші ойын күні, 12 наурызда «Лилль» (Франция) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Арсенал» (Англия) мен ПСВ (Нидерланд), «Астон Вилла» (Англия) мен «Брюгге» (Бельгия) ойнайды.