"Дұрыс емес": "Қайраттың" бас бапкері қақпашыларға берілген сыйлық туралы айтты

0
108

Кәсіпкерлер "Қайраттың" екі қақпашысы - Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға тартқан болатын.


фото: Пресс-служба ФК "Кайрат"

ERNUR.KZ. "Қайрат" фубол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин екі қақпашыға сыйға тартылған көліктерге қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін кәсіпкерлер "Қайраттың" екі қақпашысы - Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырзаға көлік сыйға тартқан болатын. Ал клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойыншыларды бұлай бөліп-жарудың қажеті жоқ деп санайды.
"Біз кәсіпкерлерге сыйлық беруге тыйым сала алмаймыз. Бірақ бұл жерде бір мәселені дұрыс түсіну керек. Бір ойыншыны бөліп көрсету – бұл дұрыс емес. Себебі футбол – командалық ойын. Меніңше, біреуге көмектескісі келсе, жалпы клубқа көмектесуге болады. Егер сыйлық бергісі келсе, барлық ойыншыға берсін. Егер сыйлық берілсе, ол клубқа берілсін. Мысалы, автобус немесе микроавтобус", – деді Уразбахтин.
Айта кетері, "Реал Мадридке" қарсы ойыннан кейін Шерхан Қалмырза УЕФА-ның үздік қақпашылар топтамасына енген болатын. "Спортингке" қарсы матчтан кейін де УЕФА Шерханның ойынын ерекше атап өткен.