Бастапқы бағасы – 104 миллион 223 мың теңге.
ERNUR.KZ. Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 104 миллион теңгеге аукционға қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Биылғы футбол маусымын сәтсіз аяқтаған «Қайсар» командасы сатуға шығарылды. Клуб Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының меншігінде. Құрылтайшысы – Қызылорда облысының қаржы басқармасы.
«Сауда-саттық түрі: сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Бастапқы бағасы – 104 миллион 223 мың теңге, кепілді жарна – 15 миллион 633 мың 450 теңге, аударылған үлес – 3 миллион 546 мың 81 теңге», - делінген мемлекеттік мүлік тізімінің электрондық сауда алаңында шығарылған ақпаратта.
Бірінші тендер осы жылдың 6 қазанында өтуі керек еді. Бірақ аукционға қатысушылардан өтінімі түспеген.