Ол бір қолының күшіменен табаға шеге қадап шықты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық балуан Сергей Цырульников Гиннесс рекордын орнатты, деп жазады "Хабар 24".
Ол 10 табаға 120-лық шегені 1 минут 48 секундтың ішінде қадап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған дейінгі үздік көрсеткіш ресейлік мықтының еншісінде еді. Жауын-шашынға қарамастан алып күш иесін қолдауға петропавлдықтар көптеп жиналды.
– Бұл рекорд Ресейде «Я могу» шоу бағдарламасында орнатылған. Олар мені шақырған, бірақ соңында қатыстырмады. Енді, міне, оны Қазақстанда жаңарттым, - дейді әлемдік рекорд иесі Сергей Цырульников.