Қазақстандық студент әлем чемпионы атанды

0
1 949

Жас отандасымыз Польшада біріншілікте екі "алтын" иеленген.


Қазақстандық студент әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Бірінші курс студенті Ахметжан Ерасыл Варшавада грэпплингтен әлем чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті, деп жазады sputnik.kz.

Ахметжан Ерасыл дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына 1 курсқа мемлекеттік грантпен оқуға түскен.
Варшава қаласында өткен Әлем чемпионатында отандасымыз грэпплингтен және грэпплинг гиден екі алтын медаль жеңіп алды.
"Ерасылдың табандылығы, қажырлы еңбегі мен спортқа деген адалдығының арқасында осындай жетістікке қол жеткізіп, Отанымыздың көк туын әлем чемпионатында жоғары белестен таныта білді", - деген министр Ерасылға спортта және оқуда тек жаңа жетістіктер тіледі.

Грэпплинг – жекпе-жектің бір түрі.