Шымкенттік боксшы әуесқой бокстан жастар арасында Әлем чемпионы атанды

0
1 937

+ 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Дина финалда украиналық Мария Ловченкоға қарсы жұдырық түйістіріп, жеңіске жетті.


Шымкенттік боксшы әуесқой бокстан жастар арасында Әлем чемпионы атанды

2018 жылдың 21 - 31 тамыз күндері Венгрияның Будапешт қаласында әуесқой бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті, өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Додада Шымкент қаласының Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің боксшысы Дина Исламбекова барлық қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. + 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Дина финалда украиналық Мария Ловченкоға қарсы жұдырық түйістіріп, жеңіске жетті. Осы орайда айта кетсек, Дина 2000 жылы туылған. Бапкері Алмас Қуатбеков. Боксшымызды жеңіспен құтықтаймыз!