​2026 жылы ТРЕНД болатын МАКИЯЖ

0
187

Жарқыраған кешке қалай дайындалу керек? Неге көңіл аудару керек?


​2026 жылы ТРЕНД болатын МАКИЯЖ

фото: ru.pinterest.com

Жаңа жылдық корпоративтерге, кештерге бикештер ерекше дайындалатыны сөзсіз. Жарқыраған кешке қалай дайындалу керек? Неге көңіл аудару керек?

Биылғы тренд макияждың қалыңдығы немесе кемшілікті жасыра отырып, мүлде «басқа адамға» айналдырып жіберу емес, барынша табиғилық пен шынайылыққа назар аударту.

Әлбетте, кешкі макияж жылтырсыз болмайды, соған қарамастан, тері ылғалды, жылтыр көрінуі үшінауыр тоналды кремге емес, жеңіл, жылтыр базалық кремдерге басымдық беру керек. Бұл тренд табиғи, демалып тұрған сияқты көрінетін, «тері өзі жанғандай» әсер береді.

Жұмсақ, үйлесімді реңктер концепциясы - бір түстегі көз, бет және ерін бояуы үйлесімді, гармониялы көрініс береді. Көз қабағын жұмсақ қоңырқай, кірпікті қоңыр шоколад реңктермен бояу жылылық береді, мұндай тондаркүнделікті ыңғайлы әрі стильді.

Егер әр түрлі түстердің үйлесімділігімен эксперимент жасап көреміз десеңіздер көзге көңіл аударыңыз. Айшықты көз бояуынапастель реңк, металлик, жарқыл, графикалық көз сызығы, яғни көз макияжына басты фокусты қойыңыз. Бұл - күнделікті немесе кешкі макияж үшін де өзекті.

Көз бен қасқа табиғи көрік беру маңызды. Кірпік пен қастың табиғи көрінуіне мән беріңіз. Табиғи текстуранықап-қара етіп бояудың орнына жеңіл, табиғи, бірақ айқын шығатын макияж трендте.


Макияж техникасы

Қазір макияж - тек бет бояу емес. Бұл - көңіл-күй, өзіндік стиль, әрі табиғи, лайықты көрініс. 2026 жылы тренд - терінің өз жылтыры, жұмсақтық, бір тондағы үйлесім, бірақ сонымен бірге көз бен ерінге еркіндік беру қажет.


«Мөлдір тері + түсті экспрессия» үйлесімі

Жұмсақ түстер немесе жылы қоңыр түс - күнделікті макияж үшін, ал пастель, металлик - кешкі мереке немесе ерекше күндер үшін. Көзге графикалық немесе жарқыл, ал теріге - жылтыр, ылғалдылық жеткілікті болуы тиіс.


Техникалық кеңес

Қалай жасауға болады?

Ылғалды көрінетін тері көрініс үшін жеңіл негіз (BB немесе ылғалдандырғыш крем), крем хайлайтер, минималды ұнтақ, жұмсақ хайлайтерді бет сүйектеріне жағу керек.

Бір түсті реңкті көз, бет сүйектері (қызарту үшін), ерінге қолдану (мысалы: жылы қоңыр, мүкжидек, сүт түстес)


Түсті немесе графикалық көз макияжы

Пастель немесе металлик көз көлеңкесі, жұмсақ графикалық, жеңіл қас пен кірпік. Кірпік пен қасты бояу үшін қара емес, қоңыр тушь қолданыңыз және тым көп тушь жақпауды қадағалаңыз. Қасты тым көтеріңкі емес, табиғи формасын сақтай отырып бояңыз.

Ең маңыздысы таза және ылғалды тері үшін дайындық жасаңыз.

* Бетіңізді жұмсақ тазартқышпен жуыңыз.

* Тоник немесе жеңіл сарысу жағып, теріні ылғалдандырыңыз.

* Күнделікті SPF кремін немесе жеңіл база жағыңыз. Нәтижесінде теріңіз жұмсақ, табиғи жарқылға дайын.


«Glassy skin» эффекті

*Жеңіл тоналды крем немесе BB крем жағыңыз.

* Құрамында ылғал бар хайлайтерді бет сүйектеріне, қастың үстіне, мұрын, еріннің үстіне жағыңыз.

* Ұнтақты минимумда қолданыңыз немесе толық қолданбаңыз, сонда табиғи жылтыр эффект сақталады. Нәтижесінде бет терісі табиғи жарқырап, жас көрінеді.


Monochrome / Draping техникасы

Румяна мен теньді бір реңкте таңдаңыз. Румянаны тек бет сүйектеріне ғана емес, жеңіл көз қырларына да жағып, бет контурын жұмсақ көрсетуге болады. Мұндай бояу тәсілі арқылы бет үйлесімді, табиғи көрінеді.


Көзді ерекшелеу (трендтік түстер)

Күнделікті макияж үшін: пастель реңктер немесе жұмсақ қоңыр түсті тень.

Кешкі макияж үшін: металлик, жарқыл немесе графикалық eyeliner.

Тушь: қоңыр немесе қара қоңыр, кірпікке біркелкі жағыңыз.

Қас бояу: табиғи форма, тым қою емес.

Бұлай бояу көзді айқындайды, бірақ табиғи, стильді көрінеді.


Ерінді бояу

Ерінді бояу үшін бетіңіздің қалған бөлігімен үйлесетін реңк таңдаңыз.

Күнделікті: жеңіл жылтыр гель немесе сүт түстес реңк.

Кешкі: жұмсақ металлик немесе ашық түстер, бірақ бет үйлесімін бұзбау маңызды.


оңғы қадам

Егер қаласаңыз, бетке жеңіл setting spray (спрей) шашып, барлық өнімді біріктіріңіз. Терінің жылтырлығы сақталып, макияж табиғи әрі ұзаққа созылады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КІРПІКті үй жағдайында да ӨСІРУГЕ болады


Тырнақтың айналасындағы ТЕРІ «жалбырап» кете бере ме?