Бетіңізге шектен тыс "қамқорлық" жасамаңыз.
фото: laz.iceni.ru
Қыз-келіншектердің әрқайсысы да терісінің жібектей жұмсақ, сәбидікіндей балғын болғанын қалайды. Солай болуы үшін әркім өз білгенінше немесе маманның көмегіне сүйеніп күтім жасайтыны да заңдылық. Дегенмен күтім көрсетудің жөні осы екен деп шектен шығып кететін жағдайлар да бар. Шегіңіз қайсы? Осы жөнінде ара жігін ажыратып алыңыз. Бетке шектен тыс «қамқорлық» жасау да әдемілігіңізден айыруы мүмкін екенін ескеріңіз!
1. Иіссабынды дұрыс таңдамау
Дәретхана сабынын (туалетное мыло) оңды-солды қолданбаңыз. Кез келген қарапайым иіссабын күнделікті бет жууға арналмаған. Ол теріні қатты құрғатады. Сондықтан, оны тиісті мақсатта қолданыңыз. Сонымен қатар, кез келген сабында макияжды кетіру үшін қолданбаңыз, макияжыңызды кетіру үшін арнайы көбіктер, гельдер немесе сүтпен (молочко) жасау керек.
фото: depositphotos.com
2. Масканы тек қана тазартылмаған теріге жағу
Аптасына бір рет бет күтімі үшін маска жасап тұру да маңызды. Бірақ масканы терең тазартылмаған бетке жағуға болмайды. Мұның нәтижесі ойдағыдай болмайды, керісінше сіз кері әсер аласыз, теріге зиян келтіруіңіз мүмкін.
3. Тоникті елемеуге болмайды
Ол тазартудан кейін терінің Ph балансын қалпына келтіреді, тері тесігін тарылтады және кремдер мен сарысулардың жақсы сіңуіне ықпал етеді. Тонизациялау кезеңін елемеу одан әрі күтімнің тиімділігін кем дегенде 30% төмендетеді.
4. Жиі қабыршақтану және скраб
Шамадан тыс пиллинг және скраб қолдану теріңізді зақымдайды және май бездерінің жұмысын бұзады. Сондықтан әр нәрсенің шамасын білген дұрыс.
Майлы және аралас тері иелеріне скрабты аптасына 1-2 рет, ал қалыпты теріге екі аптада 1 рет қолдану жеткілікті. Құрғақ теріге скраб тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
AHA қышқылдарымен майлы және аралас пилинг - аптасына 1 рет.
Қалыпты және құрғақ - аптасына 1-2 рет.
5. Губкалар мен щеткаларды дұрыс тазаламау
Бет күтімі үшін қолданылатын құралдарды, соның ішінде губка мен шөткелерді жиі және дұрыс тазартып тұру керек. Дұрыс емес тазартылған және уақтылы күтім жасалмаған губкалар мен щеткалар бактериялардың топтамасына айналуы мүмкін.
Оларды бактерияға қарсы сабынмен жылы, ағынды су астында аптасына бір рет тазалау маңызды.
6. Қарқынды түнгі күтім
Тым көп крем бетке терінің тыныс алуына жол бермейтін пленка жасайды. Әсіресе түнгі күтім үшін жасалынатын кремдерді де ретсіз пайдаланбаңыз. Бұл таңертеңгі ісікке әкелуі мүмкін. Кремді дәл қажетінше қолданыңыз.
Орнымен, дәл уақытында жасалынатын бет күтімі сізге тек қана пайдасын тигізеді, ал ретсіз жасалған күтімнен сақ болыңыз. Теріңізді жақсартамын деп барыңыздан айырылып қалмаңыз!
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: