​Бет терісі ҚАЙ ТИПКЕ жатады? (анықтау үшін шағын ТЕСТ)

0
4 411

Бетіңізге дұрыс күтім жасау үшін теріңіздің саулығын, қандай типке жататынын анықтап алғаныңыз жөн.


​Бет терісі ҚАЙ ТИПКЕ жатады?  (анықтау үшін шағын ТЕСТ)

1. Бетіңізді жуғаннан кейін теріңіз қандай күйде болады?

А) Тырысып, тартылып қалғандай

Ә) Жылтырап қалады

Б) Біртегіс және сау тері

В) Маңдай мен иек тұсы жылтырап, жақ терісі құрғақ

Г) Аздап қызарғанын байқаймын


2. Бетіңізге нәрлендіргіш крем қолданбасаңыз қандай өзгеріс болады?

А) Тері тырысып, құрғайды

Ә) Майланып кетеді

Б) Терім өңсізденіп, солғын көрінеді

В) Маңдай мен иек тұсы майланып, жақ терісі қалыпты болады

Г) Терінің сезімталдығы артады


3. Теріңізде ұсақ тесіктер көзге көріне ме?

А) Онша қатты білінбейді

Ә) Үлкейіп бара жатқан сияқты

Б) Жақындап қарағанда көрінеді, бірақ, макияждан соң көрінбей қалады

В) Бетімнің алдыңғы тұсынан қарағанда (мұрын айналасы мен иекте) көрінгенімен, жақ терімде білінбейді

Г) Кейде көрінеді, кейде көрінбейді


4. Тамақтану рационыңыз бет терісіне әсер етіп жатқан жоқ па?

А) Газдалған сусынды көп мөлшерде ішсем, бетімнің терісі құрғап кетеді

Ә) Майлы тағамдарды жегеннен кейін бетім жылтырап қалғандай көрінеді

Б) Ешқандай әсері жоқ

В) Жемістер мен көкөністерді жиі тұтынбасам, маңдай мен иек бөлігінде бөртпелер шығып кетеді

Г) Егер ащы тағамдарды мөлшерден аз ғана асырсам бетім дуылдап қыши бастайды


Бетіңіздің терісі қандай типке жататынын анықтау үшін жауаптардың нәтижесіне назар аударыңыз:

* Егер сізде А жауабы көп болса, бетіңіздің терісі ҚҰРҒАҚ.

* Ә жауабы басым болса, онда бетіңіздің терісі МАЙЛЫ.

* Б жауабын көбірек белгілеген болсаңыз, ҚАЛЫПТЫ терінің иесісіз.

* В жауабына көбірек тоқталсаңыз, сіздің теріңіз АРАЛАС түрдегі тері (комбинированный).

* Г жауабы басымдық алса, сіздің теріңіз СЕЗІМТАЛ тері түріне жатады.


Теріңіздің қандай типке жататынын анықтап алсаңыз, теріңізге қандай КРЕМ немесе МАСКА түрлері сәйкес келетінін оп-оңай біле аласыз. Әр нәрсенің үйлесімдігі болатыны секілді, тері қалыбына сай күтім жасай білсеңіз, сіздің сұлулығыңызға тамсанбайтын адам болмасы сөзсіз!

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

СҰЛУ болғыңыз келсе, ЛИМОН маскасын жасаңыз