Безеуден құтылуға болады. Тек бет терісінің қандай екенін анықтап, соған сәйкес күтім жасалса, барлық кемшіліктен арылуға мүмкіндік бар.
Майлы теріге арналған және безеуді кетіруші маска
Бізге қажет болатын заттар кәдуілгі кір сабыны мен ас тұзы ғана. Бұл заттар кез келген үйден табылады. Бет күтімі үшін міндетті түрде қымбат косметика немесе арнайы скраб, маска ғана болмаса бетті әдемі ету мүмкін емес деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі, үй жағдайында, кез келген әйелге қолжетімді масканы өзіңіз-ақ дайындап ала аласыз.
Кір сабынның аз ғана бөлігін (бетіңізге жағуға жеткілікті) үккіштен өткізіп, үстінен аздаған жылы су құйып, жақсылап көпіршітіп аламыз.
Дайын болған қоспаның 1 ас қасығына 1 шай қасық тұз қосып, тағы да жақсылап араластырамыз. Маскамыз дайын.
Енді тазартылған бет терісіне мұқият жағып шығамыз.
Бұл маска бет терісін тазартып қана қоймай, бет терісінің майлануының алдын алады. Себебі, бұл маска майлы бет терісін құрғатады. Сонымен қатар, беттегі безеуді, қара дақтарды жоюға көмектеседі.
Бұл масканы аптасына 3 рет қолдануға болады. Масканы бір ай бойы жалғастыру керек. Екінші аптада нәтижесі байқалады. Масканы бетке жағып болғаннан кейін 5 минут ұстау керек. Уақыт өткеннен кейін масканы алдымен жылы сумен жуып, соңынан сүлгімен ылғалды сіңіріп алыңыз. Соңынан нәрлендіргіш крем жағып қойыңыз.
Үйдегі АЗЫҚ-ТҮЛІКпен де безеуден арылуға болады
1. Картоп шырыны (100 мл) және 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаны безеу толық жойылғанға дейін күн сайын проблемалы бетке жағыңыз. 2 аптадан кейін бірнеше күн үзіліс жасап, содан кейін емдеуді қайта бастауға болады.
2. Сәбіз ботқасын қолдану безеуді жоюға көмектеседі. Оны дайындау үшін шикі сәбізді ботқа тәрізді массаға айналғанша ұсақтау қажет. Осы қоймалжыңды бетке жағып, жарты сағатқа қалдырыңыз, содан кейін сумен шайыңыз.
3. Ұсақтап туралған сарымсақ та безеуді жоюға көмектеседі. Бұл қоспаны дайындау үшін 1 бас сарымсақты (чеснок) алып, қақпағы жабылатын шыны бөтелкеге салып, үстінен 1:1 қатынасында арақ немесе спирт құйыңыз. Бір апта бойы қараңғы, салқын жерде тұндырып қойыңыз. Содан кейін қоспаны сүзіп алып, тек суын ғана пайдаланасыз. Бұл тұнбай беттегі безеудің қабынуын басады.
Проблемалы теріге жағылған сарымсақ ботқасы эпидермисті жақсы зарарсыздандырады және кептіреді. Сарымсақ маскасын 10-15 минут ұстап, содан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
4. Жаңа піскен қияр - безеуге қарсы ккеремет көкөніс. Лосьон дайындау үшін ұсақтап туралған қиярдың 3 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен қайнаған су құйыңыз. Бір күн бойы Сүзілгеннен кейін 1 шай қасық бал қосыңыз. Барлық компоненттерді мұқият араластырып алғаннан соң мақталы тампонды осы қоспаға батырып, теріні сүртіп шығыңыз.
АЛОЭ гүлінің шырыны безеумен күреседі
Алоэ шырыны бет қабынуын тамаша жояды және безеу бөртпесімен тиімді күреседі. Алоэ гүлін дәрілік өсімдікке жатқызамыз. Әр үйде болмаса да, оны табу қиын емес.
Алоэнің 2-3 жапырағын алып, тазалап жуып алған соң, суын кептіріп алыңыз.
Содан соң, ұсақтап турап алыңыз.
Оны қасықпен немесе блендермен езіп шырынын сығып алыңыз.
Осы шырынды безеулі бетке жағып, 10-15 минуттан соң, жылы сумен жуып тастаңыз.
Алоэның сулы ерітіндісін де безеулі бет терісіне қолдануға болады. Оны дайындау үшін алоэ жапырағынан ботқа тәріздес қоймалжың жасап, үстінен құбыр суын немесе тазартылған минералды су құйып, қараңғы жерде бір сағатқа дейін тұндырасыз. Осы тұнбамен проблемалы бетті сүріп, безеуден арылғанша қолдана беріңіз.
МЫҢЖАПЫРАҚ, ҚЫРМЫЗЫ, ТҮЙМЕДАҚ қоспасы
Аталған емдік шөптерді бірдей көлемде бөліп алып, термоыдысқа салған соң, үстінен қайнаған су құйып, қақпағын мықтап бекітіңіз.
5 минуттай демделген шөптердің буына бетіңізді тосып, булап алыңыз.
Немесе оны сырлы ыдыста 5 минут бойы баяу отта қайнатып алуға да болады.
Осы қайнатпаның үстіне бетіңізді тосып, булаңыз. Бетіңізді күйік шалудан абай болыңыз.
Бұл емдік шара әсіресе «қара безеуді» жою үшін тиімді әдіс. Бетіңізді булаған кезде тері тесіктері кеңейіп, беттегі ескі безеудің орнын тазартып, тері тесіктерінде қалып қойған «артық затты» алады.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: