​ҚЫСҚЫ күтімнен КӨКТЕМге қалай ауысуға болады?

0
300

Бетіңізге көктемде ерекше күтім қажет.


​ҚЫСҚЫ күтімнен КӨКТЕМге қалай ауысуға болады?

фото: www.pinterest.com

Құлпырып көктем де келді. Бұл кез табиғаттың да адамның да түрленетін шағы. Сондықтан көктемде бет көп күтімді қажет етеді. Ауа райы суық мезгілдегі күтімнің жөні бөлек, ал күн жылынып, ауа-райы ауысқан кезде күтім жасау тіпті бөлек. Себебі, қыс айларынан кейін тері құрғайды, шаршайды.

Ауыр тағамдардан жиналған шлак тері өңіне кері әсер етеді. Сондықтан тазалауды, пайдалы заттармен нәрлендіруді қажет етеді.


Көктемдегі бет күтімі

Егер бетіңіз құрғақ болса, 100-150 грамм қара нанды осындай мөлшердегі қайнап тұрған суға салып, бұқтырып қойыңыз. Суығаннан кейін бетіңізге жағып, 15-20 минут жата тұрасыз. Сосын бөлме температурасындағы сумен бетіңізді шайып тастаңыз.

Егер бет теріңіз құрғақ болса, балық майы, жұмыртқа, сүт пен көкөніс, жеміс-жидекті көбірек тұтыныңыз, тіпті жыл он екі ай бойы дастарханнан үзілмегені дұрыс. Өйткені, осы аталған өнімдердіңқұрамындағы А дәрумені бет терісінің шамадан тыс құрғауына жол бермейді.

Ал егер бетіңіз майлы болса, мынадай қоспа көмектеседі. Ол үшін банкаға немесе мойыны жуандау бөтелкеге бір дана жұмыртқаның ақуызын, 2-3 дана лимонды сығып, шырынын құйыңыз да дұрыстап шайқап араластырыңыз. Сол кезде ақ қоймалжың сұйықтық пайда болады. Осы қоймалжыңға аздап пышақтың ұшымен тұз, жарты стакан 2 пайыздық бор қышқылы мен бір шай қасық глицерин қосыңыз да, тағы да жақсылап араластырыңыз. Осы қоспамен күнде кешкісін бетіңізді сүртіп отырсаңыз, бетіңіз тез майланбайтын болады.

фото: oniks.ua

Көкөністер тұтыныңыз
Көбірек жеміс-жидектер тұтынған жөн. Ұн мен тәтті тағамдармен әуестенбеу керек. Көкөністер ағзада дәрумен жетіспеушілігін тежейді.
Қысқы маусымда ағзада түрлі токсиндер жиналады. Сондықтан, көктемгі кезеңде олардан арылу үшін ең тиімді тәсіл-ыстық монша немесе ванна. Ең маңызды нәрсе-бет тазарту. Яғни, жатар алдында немесе таңертең міндетті түрде тазалап сүртіп, теріні демалдырған жөн. Тағы бір есте сақтау керек нәрсе, көктем кезінде су құбырларында хлор деңгейі жоғары болады. Сондықтан, бетіңізді қайнаған немесе тазартылған сумен жуған жөн. Косметикалық тазарту құралдарын азырақ қолданған дұрыс. Дегенмен, ылғалдандырғаш , нәрлендіргіш құралдарды сапалысын қолданған әрдайым тиімді.
Майлы бет терісіне құрамында аз ғана спирті бар құралдар қолдану ұсынылады. Дегенмен, үй жағдайында мұз текшелерін немесе арнайы шөп қайнатпаларын қолданған дұрыс.
Көктемгі ультракүлгін сәулеге қарсы кремдерде SPF-10-15 қолданған жөн. Себебі, сәулелердің белсенділігі жазға қарағанда төмен болады.
Көктем кезінде түрлі аллергиялар болуы мүмкін. Арнайы сезімтал терілерге арналған кремдер қолдану қажет.
«Көктемгі күйзелістен» арылу қажет. Бұндай жағдайдың орын алуы қыс кезіндегі дәрумендер мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Ол үшін тәулігіне 8 сағаттық қалыпты ұйқыны қадағалау керек. Уақытылы демалып, денсаулығыңызға мән беріңіз. Көбірек серуендеп, таза ауада көп уақыт өткізіңіз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


8 НАУРЫЗда келбетіңізді толықтыратын аксессуарлар мен әшекейлер


Өкше ЖАРЫЛСА не істеу керек?