​Өкше ЖАРЫЛСА не істеу керек?

0
281

Өкшеңіз жарылса «не істеу керек?» деген сұраққа толыққанды жауап алу маңызды.


​Өкше ЖАРЫЛСА не істеу керек?

фото: ru.pinterest.com

Өкшенің жарылуы - көпшілік үшін күнделікті өмірде туындайтын ыңғайсыздықтардың бірі. Бұл мәселе күтімсіздік, тері құрғақтығы немесе денсаулыққа байланысты әртүрлі себептерден туындауы мүмкін. Сондықтан, өкшеңіз жарылса «не істеу керек?» деген сұраққа толыққанды жауап беру маңызды.

Егер сіздің өкшеңіз жарылуға бейім болса, дұрыс күтім жасауды қазірден қолға алсаңыз, аз күнде көктем мезгілі келе жатыр, сіз мұндай мәселені түбегейлі ұмытуыңызға болады.

Алдымен өкшенің неліктен, құрғап, жарылып кететіндігін анықтап көрейік:


Өкше жарылуының негізгі себептері:

Тері құрғақтығы: Табан терісі табиғи ылғалдылықты жоғалтқанда, ол тезірек жарылып, терең жарақаттарға әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе қыста жылыту құрылғыларының әсерінен және жазда ыстық ауа-райында жиі байқалады.

Гигиена ережелерін сақтамау: Өкшені дұрыс күтпеген жағдайда, терінің қалыңдауы, құрғауы және жарықшақтардың пайда болуы мүмкін.

Аяқ киім: Ыңғайсыз немесе сапасыз аяқ киім кию табанға қосымша қысым түсіріп, жарықтардың пайда болуына себеп болады.

Денсаулық мәселелері: Қант диабеті, гормоналдық өзгерістер немесе тері аурулары сияқты мәселелер өкше жарылуын күшейтуі мүмкін.


Өкше жарылса не істеу керек? Үй жағдайындағы тәсілдер

Егер табаныңыз жарылып, ыңғайсыздық туындаса, үйде мынадай қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерді қолдануға болады:


Пилинг жасау

Аяғыңызды күніне кем дегенде 1 рет жылы суды жібітіп, артық тері қалдықтарын абайлап, қырып тастау. Табан терісін жұмсартып, өлі тері қабаттарын тазарту үшін, жылы суға шамамен 15-20 минут жібітіңіз.

Нәтижені жылдамдату үшін суға теңіз тұзы немесе бірнеше тамшы эфир майын қосуға болады. Жібіткен соң, жұмсақ сүлгімен құрғатып, арнайы табанға арналған қырғышпен қатты теріні абайлап тазалаңыз.

Күнделікті бетіңіз бен қолыңызға қандай күтім жасап жүрсеңіз, табаныңызға да сондай күтім жасаңыз. Аяққа да ылғалдандырғыш кремдерді қолданыңыз. Табанды жуғаннан кейін ылғалдандырғыш кремді молынан жағыңыз.

Вазелин немесе табиғи майлар (кокос, бадам) да табанның жарылған тұстарын тез жазуға көмектеседі. Кремді жатар орынға қолданған дұрыс, өйткені тері түнде жақсырақ қалпына келеді.

фото: YouTube

Бал немесе табиғи антисептиктерді пайдалану

Бал - табиғи антисептик. Өкшеңізге бал жағып, оны дәкемен орап, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Сонымен қатар, кокос майы, алоэ вера сияқты табиғи құралдар терінің тез сауығуына ықпал етеді.


Алдын алу үшін...

*Табанға тұрақты күтім жасау

Аптасына кемінде екі рет табанды арнайы скрабтармен өңдеңіз. Күнделікті ылғалдандырғыш кремдерді қолдануды әдетке айналдырыңыз.

*Дұрыс аяқ киім таңдау

Табиғи материалдардан жасалған, табанға қысым түсірмейтін аяқ киім таңдаңыз. Биік өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт кимеуге тырысыңыз.

*Дұрыс тамақтану

А, Е және С дәрумендері терінің саулығын сақтауға көмектеседі. Тамақтану рационына жаңғақтар, көкөністер мен жемістер қосыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Ағзадағы ылғалдың жеткіліксіздігі тері құрғақтығына себеп болады.

Ескерту

Егер сізде қант диабеті немесе гормоналдық теңгерімсіздік сияқты денсаулық мәселелері болса, тұрақты түрде дәрігерге қаралып, қажетті ем-шараларды қабылдаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЭНЗИМ опасы - не үшін, қалай қолдану қажет?