Күнделікті айна алдында отыратын уақытын «үнемдеу» үшін осы қызметке жүгінетін сұлулардың қатары аз емес.
Перманентті макияж (ПМ) - ұзақ уақытқа жететін макияж. Яғни тұрақты макияж. Қас, қабақ, ерін, кейде тіпті бетті арнайы пигментті бояулармен бояп, қыздардың күнделікті айна алдында отыратын уақытын «үнемдеу» үшін осы қызметке жүгінетін сұлулардың қатары аз емес. Ол ұзақ уақыт сақталады әрі жуынғанда кетпейді. Осы жайында көптеген аруларымыздың көңілінен шыға білген, өз ісінің маманы, НАЗИМА Құдайбергенова ханыммен тілдескен едік.
-Сұлулық жолындағы қызметіңізді қаншалықты жақсы көретініңіз жүзіңізден байқалып тұрған сияқты. Тамсанып отырмын.
- Рахмет! Мен өз жұмысымды өте қатты жақсы көремін, сүйіспеншілікпен, махаббатпен атқарылған жұмыс қашанда күш береді, мұндай жұмыстан адам шаршамайды, керісінше ләззат алып, шабыттанады. Мен әрбір қыз-келіншектің әдемі болғанын, бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан, Аллаға шүкір деймін, осындай талант берген, мамандық таңдауда дұрыс жолды көрсеткен.
Өз жұмысын жақсы көрген адам оны шын жүректен жасайды және ол міндетті түрде өз нәтижесін беріп, одан сайын шабыттана түседі.
-Енді айналысатын кәсібіңіз туралы айтсақ... Неліктен перманетті макияж, татуаж деп бөлінеді және олардың бір-бірінен айырмасы бар ма?
- Өте орынды сұрақ қойдыңыз. Маған келген көптеген қыз-келіншектер перманетті макияж бен татуаждың айырмашылығы туралы сұрайды. Ол екеуінің арасы жер мен көктей. Татуажда татуировкаға арналған пигментті бояулар қолданылады, әрі теріге терең енгізіледі. Сондықтан мұндай бояу ұзақ жылдар бойы сақталады. Бірақ уақыт өте келе ол бәрібір бастапқы түсін өзгертеді. Ал түсін өзгерткен татуаж жасанды көрінеді, жасандылық қашанда табиғилыққа қарағанда әдемі көрінбейтіні рас. Ондай ескі татуаждарды тек арнайы лазер аппараттарының көмегімен ғана кетіруге болады.
Ал қазіргі шеберлер «Перманентный макияж в технике теневая растушевка» деген техниканы қолданады. Бұл соңғы шыққан техника. Онда пигмент терінің тек беткі қабатына ғана енгізіледі. Сондықтан бояу өз түсін сақтап қалады да, табиғи болып көрінеді. Ол теріде 6 айдан 1 жылға дейін сақталады. Бұл терінің құрғақ немесе майлы болуына байланысты. Егер тері майлы болса, бояу ертерек өше бастайды. Сонымен бірге адамның жасына да тәуелді. Жас қыздарға қарағанда егде жастағы әйелдерде ұзақтау сақталады. Өйткені жас ағзада тері тез жаңарып отырғандықтан, пигмент тез өшеді.
- Жасалу техникалары әртүрлі макияждың соңғы үлгідегісі әрине көпшілік үшін тиімді. Дегенмен әлі де тұрақты макияждың артықшылықтары жөнінде толық білмейтіндер үшін перманетті макияждың артықшылықтары, процедурадан кейінгі әсері туралы айта кетсеңіз?
- Перманетті макияжға келуге шешім қабылдаудан бұрын шыны керек, көпшілігі «қорқады». Яғни «ауырсыну сезімдері бола ма?», «Денсаулығымызға қауіп төнбей ме?» деген секілді сұрақтар міндетті түрде алғаш рет осы қызметке жүгінгелі отырған қыз-келіншектерде болады.
Мен де сіздердің сұрақтарыңызға сұрақ қояйын. Перманетті макияжды жасату керек пе, жоқ па?
Әрине, бұл әркімнің жеке таңдауына байланысты. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Тек қана әйелдің өзіне деген сенімділігі арта түсетіні белгілі. Көп нәрсе сырт келбетке де байланысты ғой шыны керек. Бойындағы комплексті жойған әйелдің әрине өзіне деген сенімділігі артады. Мысалы, сіздің қасыңыз өте сирек, ұзақта тұрып қарасаңыз, тіпті көзге көрінбейді. Ерніңіз жіңішке әрі жиектері көрінбейтін болса, сізде комплекс, өзіңізді өзгелерден төмен санау пайда болатыны рас қой.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине тұрақты макияж процедурасына келіңіз. Бұл процедураның сөзсіз артықшылықтары бар.
Ерінге жетіспейтін жарықтық пен көлемді қосуға болады;
Асимметрияны түзетуге болады;
Қастың пішінін өзгертуге болады;
Қастың (түктерінің) бірқалыпты өсу әсерін жасауға болады.
Сонымен қатар тұрақты макияждың жасартатын әсері бар. Тұрақты макияж бетті мәнерлі етеді, сыртқы келбеттің артықшылықтарын көрсетеді және кемшіліктерді жасырады.
- Сіздің қызметіңіз перманетті макияжбен, қас, ерінге әдемілік сыйлаумен ғана шектелмейтін сияқты. Тағы да сұлулық үшін не жасай аласыз, сұлулыққа жаны құмар аруларымыз үшін тағы қандай қызмет түрлері бар?
- Дұрыс айтасыз, біздің салон бірнеше процедуралар үшін жабдықталған. Ендеше біз қамтитын қызметтерімізбен таныстыра кетейін:
Ультрафонофорез-бұл ультрадыбыстық және террахерц толқындары, терінің ең терең қабаттарына кешенді әсер ететін, арнайы гельдер, майлар мен кремдерді қолдана отырып бетіңізге ерекше жарқыл сыйлай аламыз.
Нәтижесінде жасушалар мен тіндердің жедел регенерациясы пайда болады. Теріні оттегімен қанықтыру және нәрлендіруге күш саламыз.
Өткізілген процедуралар курсынан кейін сіздің теріңіз біркелкі реңкке ие болады, балғындық, серпімділік, жарықтандыру, салбыраған бет терісін тарту және қартаюға қарсы әсер, безеудің, қабынудың іздері жойылады.
- Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын, сұлулықты еселеп, арулардың шаттығын арттыра беріңіз, шығармашылығыңыз дами берсін!
Сұхбаттасқан: Гүльвира Жұмаділдаева,
Оқи отырыңыз:
АЯҚқа SMART педикюр жасау сәнде
Беттегі ҚАРА НҮКТЕні оп-оңай КЕТІРУГЕ болады