​«ВВ» немесе «СС» - қайсысы ДҰРЫС?

0
2 696

DD крем (Daily Defense Cream) деген де түрі бар. Ол күнделікті сыртқы әсерлерден қорғау үшін қолданылады.


​«ВВ» немесе «СС» - қайсысы ДҰРЫС?

Әйелдердің ең сүйікті істерінің бірі - дүкен аралау. Әсіресе, сұлулық үшін «пайдасын» беретін косметика дүкеніне бір бас сұқпай кете алмайды.

Сондай кезде көздің жауын алып, бір-бірінен асып түсетін сұлулық құралдарын таңдау кезінде біраз қиналамыз.

Бүгін визажист мамандарының айтуынша қандай кремді ВВ немесе СС деген белгінің қайсысын таңдау керектігін білетін боламыз.


Алдымен, бұл белгілердің нені білдіретіндігін, қандай мағына беретіндігін ұғып алайық.


ВВ крем- ағылшын тілінен (Beauty Balm Cream) аударылғанда сұлулық крем-бальзамы деген мағынаны береді.

Ал, СС крем дегеніміз - бұл да ағылшын тілінен аударылғанда (Color Control) теріні бақылау дегенді білдіреді. Яғни, терінің жай-күйіне қарай, оны жақсартуға бағытталады.

DD крем (Daily Defense Cream) деген де түрі бар. Ол күнделікті сыртқы әсерлерден қорғау үшін қолданылады.


Олар «өз міндеттерін» қалай атқарады?

Тональды кремдерден айырмашылығы - ВВ және СС кремдері теріні нәрлендіреді, күннің ультаркүлгін сәулесінен қорғайды, ылғалдандырады және ең бастысы, табиғилықты сақтайды.


СС кремі терідегі түрлі клеңсіздіктерді, яғни, қызарулар, сарғайып тұрса, «кедір-бұдыр» тегіс емес жерлері болса, осының барлығын реттейді. ВВ кремінің абзал тұсы оны қолданарда ешқандай корректор, немесе тағы сол секілді артықша заттарды қолданбайсыз. Қысқасын айтқанда, екеуінің де жөні бөлек. Бір-бірінен артық немесе кем деп айта алмас едік. Өйткені, оларды міндетті түрде тональды крем секілді тері түсіне лайықтап таңдап алу шарт емес. Өздігінен теріңіздің түсіне «лайықталып», икемделіп шыға келеді.


СС кремінің артықшылығы, макияжыңыздың үстінен қайталап жағу қажет болса, жаға аласыз. Яғни, салтанатты кешке дейін бетіңізге жасаған макияжыңыздың «өше» бастағанын сезсеңіз, тағы да крем жағуды қажет деп тапсаңыз, осы СС кремін үстінен жағып қойсаңыз болады. Өйткені, ол тональды крем секілді «екі түрлі» көрінуіңізге жол бермейді. Бұл екі крем де сіздің косметикалық сөмкеңізден табылғаны дұрыс.


Сұйық түрі ме, қоюлауы жақсы ма?

Макияжымыздың табиғилықтан ауытқымай, әсем көрінуі үшін кремнің консистенциясы да басты назарда болуы тиіс.

Әрине, ВВ кремі тональды кремге қарағанда сұйықтау болып келеді. Бұл әлбетте бет терісіне жағуға ыңғайлы. СС кремі болса, ВВ-ге қарағанда сұйықтау. Сондықтан, визажистер мұны «қадірлейді». Өйткені, крем қаншалықты сұйық болса,«make up» та соғұрлым табиғи көрінеді.

СС кремнің құрамының сұйық болуына байланысты, оны көз айналасындағы теріге, қабақтың ең нәзік тұстарына дейін жаға беруге болады. Өйткені, ол көз астындағы қарайған тұстары мен қабақтың ісінгенін де жасыра алады.

Дәл осы СС кремін қолдану барысында әйелдердің жас айырмашылықтары, шегарасы нақтыланып, белгіленбене. Яғни, бұл кермді кез-келген жастағы қыз-келінәшектер қолдана алады деген сөз.

Себебі, ол тек қана декоратив емес, бет күтіміне арналған косметика түрі ғой.


Маусымға қарай таңдау керек

СС кремінің құрамы сұйық болғандықтан майлы теріге өте сәйкес келеді. Сонымен қатар, мұндай кремді жазға қарай таңдаған дұрыс. ВВ кремін көктем мен күз айларында, ал, тональды кремді қыстың суық ауа-райында қолдануға да кеңес беріп жатады мамандар.

Терісі құрғақ ханымдар үшін бұл үшеуін қолданардан алдын әлбетте міндетті түрде ылғалдандырғыш крем жағуы тиіс. Немесе DD кремін жағуға болады.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Бет терісі ҚАЙ ТИПКЕ жатады? (анықтау үшін шағын ТЕСТ)


СҰЛУ болғыңыз келсе, ЛИМОН маскасын жасаңыз