Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыз ба?..
фото: spellsmell.ru
Жаңа жыл айтулы мереке, әрбір отбасы үшін, әрбір жан үшін жаңа бір қадам. Сондықтан, Жаңа жылды қарсы алуға әркім шама-шарқынша дайындалады.
Бұл тек мерекелік дастархан жайып, қонақты қарсы алуға дайындалу емес, өз бойына да ұқыпты қарап, киімін жаңалап, шаш үлгісін өзгертіп деген секілді бір өзгерістерді жасайды.
Ал иіссу таңдауда әртүрлі кезеңдерге байланысты таңдай алу керек. Жаңа жылды әр отбасы немесе әр адам әрқалай қарсы алады. Біреу үшін бұл тек отбасылық іс-шара, ал кейбіреулер Жаңа жылды сүйіктісімен қарсы алғанды ұнатады, енді біріне тіпті думанды кеште болған ұнайды.
Бұл жағдайда хош иісті таңдау да әртүрлі болады. Жаңа парфюмерия бір рет қана емес, жыл бойы сізге пайдалы болуы мүмкін.
фото: nashiotzyvy.xyz
Отбасылық кешке арналған хош иіс
Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ортасында отбасылық іс-шара ұйымдастырғыңыз келсе, жағымды ассоциацияларды таңдап алыңыз. Бұл иіс тым өткір болмағаны жөн. Отбасылық деп аты айтып тұрғандай, отбасында қарт кісі де, балалар да болады. Сондықтан, оларды өткір иіспен тұншықтырмас үшін жеңіл және жағымды хош иістер қолайлы. Егер сіз жеңіл иістің қандай екендігін білмесеңіз, цитрус өнімдерінің иісі, ванильді гүл композицияларына назар аудара аласыз.
Немесе ағаш-қылқан жапырақты унисексті таңдасаңыз да болады. Талғамыңызға қарай.
Романтикалық жаңа жылдық кешке арналған парфюмерия
Бұл жерде, әрине, контекст маңызды. Сіз жаңа жылдық кешті қалай жоспарлағаныңызға байланысты. Сүйікті фильміңізді тамашалап, жеңіл-желпі салат, көкөністермен қарсы аласыз ба, әлде романтикалық түнді жоспарлайсыз ба? Соған сай таңдауыңыз да белгілі болмақ.
Мұндайда ең дұрысы, әмбебап нұсқа-ваниль және жеміс композициялары. Егер батыл болудан қорықпасаңыз, күшті шығыс және ащы хош иістер.
фото: forum.sibmama.ru
Жаңа жылдық көңілді кешке арналған иіссу
Корпоратив, ұжымдық кештер немесе достарыңызбен жиналатын отырыстарға ең ерекше және еліктіргіш хош иістерді таңдайтын уақыт.
Былғары, ағаш, бұрыш секілді хош иісті заттармен толықтырылған иіссулар сізді кештің басты кейіпкері ете алады.
Ең бастысы-теріге жақын және тым белсенді емес парфюмерияны таңдау. Өйткені, әртүрлі иістердің айналаңыздағы адамдарға ыңғайсыздық тудыруы да ғажап емес. Сондықтан, оларға кедергі келтірмей, қамқорлық жасау керек.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
5 МИНУТТА: КҮНДІЗГІ және КЕШКІ макияжды қалай жасауға болады?