​Жеңіл МАКИЯЖ – табиғи сұлулығыңызды еселей түседі

0
227

Табиғи макияж ешқашан сәннен қалмайды.


​Жеңіл МАКИЯЖ – табиғи сұлулығыңызды еселей түседі

фото: ru.pinterest.com

Қазіргі таңда табиғи макияж танымалдылыққа ие, десе де оны ойдағыдай жасау оңай шаруа емес. Мұндай макияжды күнделікті жасап жүрміз деп ойлайтын шығарсыз, бірақ сіздің жеңіл-желпі боянуыңыз кемшіліктерді жасыруға қауқарлы болмауы мүмкін. Кәсіби тұрғыда мейк-ап жасау беттегі кемшіліктерді жасыруға және бет ерекшеліктерін көрсетуге қабілетті, сондай-ақ ол косметиканы барынша аз пайдалануға үйретеді.

Беттің ерекшеліктеріне байланысты табиғи макияж жасау

Табиғи макияж техникасы сыртқы келбеттің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Яғни, біреулерде беттің қызаруы немесе әртүрлі дақтар, безеу секілді проблемалар болса, соған сай беттегі кемшіліктерді түзету үшін макияж жасайды. Ал кейбірі беттің контурларын сырт көзге айқын етіп көрсету үшін бет сүйектерін ерекшелеп бояйды.

Енді біреулер бет терісін жарқыратып, балғындық сыйлау мақсатында екі бетіне румяна жағады.

Оны да әркім өз қалауына сай өзгертуге болады.

Есте ұстау керек, қадам-қадаммен жеңіл макияж жасау кезінде косметиканы шамадан тыс пайдаланудан аулақ болу керек.

1. Тоналды негіз

Қандай макияж жасайтын болсаңыз да алдымен бет терісін тегістеп алу үшін тоналды негізді жағасыз. Бұның негізгі міндеті – теріні тоналды құралдардың көмегімен теріні біркелкі әрі тегіс ету. Сондықтан, шамадан тыс жағуға тырыспаңыз, себебі табиғилықтан алшақтап кетуіңіз мүмкін. Табиғи макияжға арналған өнімдердің ең аз қажетті жиынтығы – консилер және тоналды крем. Консилердің көмегімен көздің астындағы қара көлеңкені жасыруға және бетіңіздің кез келген проблемалы тұстарын, мысалы қызаруды түзетуге болады, ал тоналды негіз біркелкі әдемі өңге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда, әсіресе, майлы жылтырдан зардап шегетін болсаңыз, беттегі бояуды минералды ұнтақпен бекітіңіз.


фото: gavaros.ru

2. Румяна

Ашық әрі табиғи түсті румяна бет кескінін лезде балғын әрі әсерлі ететіні анық. Ең бастысы, румянаның дұрыс реңкін таңдау керек. Одан кейін бетіңізді бояғанда сайқымазаққа ұқсап қалмас үшін тым көп түстерді қолданбаңыз. Бейтарап немесе жұмсақ қызғылт реңктерді байқап көріңіз.

3. Қас

Макияждың ең басты назар аударатын тұсы ол-қас. Өйткені, қасты дұрыс бояу ол беттің көрінісін бірден өзгертеді. Қасқа арналған тень бояулар жиынтығын немесе кәдімгі қарындашты пайдаланыңыз.

4. Көз

Көз бояуына келетін болсақ, бұл жерде қара немесе қоңыр тушь жеткілікті. Оны бір рет жақсаңыз да жеткілікті. Қайта-қайта 2-3 рет жағылған қалыңдықта ол кешкі кездесулерге арналған «қуыршақ кірпіктері» секілді болып қалады. Табиғи макияж жасау барысында көзге арналған бояуларды қолдану міндетті емес. Егер көзіңізді ерекшелеп бояғыңыз келсе, табиғи түсті таңдаңыз – қоңыр-сарғыш немесе бозғылт қызғылт.

5. Ерін

Ерін далабы немесе жылтыратқыштың тыныш, бейтарап реңкімен макияжыңызды толықтырыңыз. Жеңіл бояу әсері бар бальзаммен де шектеле аласыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

ЗӘЙТҮН МАЙЫның бетке ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ да бар


Қол терісі ҚҰРҒАЙТЫН мезгіл, сондықтан КҮТІМ керек