Көктеммен бірге қайыршылар келе бастады

0
3 447

​ERNUR.KZ. Көктем ерте шығатын Шымқалада бәйшешекпен бірге қайыршылардың да қарасы көріне бастады. Халық көп шоғырланған көше бойлары мен базарларды күнделікті табыс мекеніне айналдырған мұндай жандар біреудің аянышын тудырса, өзгенің ашудан өзегін өртеуі табиғи құбылыс.


Көктеммен бірге қайыршылар келе бастады

ERNUR.KZ. Көктем ерте шығатын Шымқалада бәйшешекпен бірге қайыршылардың да қарасы көріне бастады. Халық көп шоғырланған көше бойлары мен базарларды күнделікті табыс мекеніне айналдырған мұндай жандар біреудің аянышын тудырса, өзгенің ашудан өзегін өртеуі табиғи құбылыс.

Өйткені сырт көзге аянышты көрінгенімен сол қайыршылардың жұрт жүрегін жібіту үшін неше түрлі айлаға баратыны әмбеге аян.

Қала берді, көпке қол жайып, садақа сұрайтындар шын ғәріп болғанымен, оларды сол «кәсіпке» мәжбүрлеп, тапқан ақшасын тартып алатын «крышалары» да талай ұсталды. Мұндайлардың арасында бала ұрлап, адам алдап тағы да басқа қылмыстарға барғандар құрықталды да. Ал, шын мұқтаж адамды мемлекет қамқорлығына алып, асырап-бағатын арнайы орындар бар.

Шұрайлы шаһардың сиқын бұзғандарды тәртіп сақшылары талай қудалағанымен, олар жаңбырдан кейінгі қозықұйрық секілді қайта пайда болады.

«Ең бақытты ел - қайыршысы жоқ ел» деген ғұлама Әл-Фараби.

Шымкентті бақытты қалаға айналдыру үшін қоғам болып атсалыссақ. Егер осындай жағдайды көре қалсаңыз +7 775 232 99 33 нөміріне уатсап арқылы жіберуіңізге болады. Ал, құзырлы органдардан біз осы мәселеге қатысты мәлімдеме күтеміз.