Мемлекет басшысының бастамасымен биыл бесінші рет өткізіліп отырған «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.
ERNUR.KZ.Мемлекет басшысының бастамасымен биыл бесінші рет өткізіліп отырған «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.
Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты жиынға облысымыздың барлық аудан-қалаларынан 30 отбасы қатысып бағын сынады. Байқауды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттап, облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сыйлығын табыс етті.
Жүзден жүйрік шығып, бас бәйгені қанжығасына байлаған қазығұрттық Момыновтар отбасы мен мақтаралдық Серікбаевтар отбасы республикалық кезеңге жолдама алды.
Байқауда бағы жанған отбасыға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының атынан 1 000 000 теңге берілді. Сонымен қатар басқа да қатысушы үздік командаларға облыс әкімінің Алғыс хаты мен 200 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – аудандық (қалалық), екіншісі – облыстық, үшіншісі – республикалық кезең. Биылғы ұлттық байқаудың облыстық кезеңіне ОҚО-ның 15 аудан-қаласынан 38 отбасы ұсынылды. 25 мамыр күні өткен комиссия отырысында солардың 30-ы іріктеліп, жеңімпаздары анықталды. Қалған сегіз отбасының құжаттары сәйкес келмегендіктен байқауға жолдама бере алмадық», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр.
Қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алған оңтүстікқазақстандық екі отбасыға сәттілік тілейміз.