Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның қатысуымен Шымкент қаласындағы кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында жиын өтіп, онда ОҚО кәсіподақтар орталығының жаңадан сайланған төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов таныстырылды, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газетінің сайты.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның қатысуымен Шымкент қаласындағы кәсіп- одақтар орталығының мәжіліс залында жиын өтіп, онда ОҚО кәсіподақтар орталығының жаңадан сайланған төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов таныстырылды, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газетінің сайты.
1967 жылы туған Б.Бекжа-новтың есімі оңтүстікқазақстандықтарға етене таныс. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін, 2003 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттар мен сот жүйелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтын бітірген ол еңбек жолын алдымен құқық қорғау органдарында бастаған. Тергеуші, судья, соттың төрағасы, облыстық соттың әкімшісі, ІV сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ОҚО бойынша департаментінің басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы қызметтерін атқарды. Ал, бұған дейін кәсіподақтар орталығын басқарған Ғани Қарабеков және жаңадан сайланған Жарқынбек Төлтебай кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары қызметіне кірісті.