​ОҚО-да туристік нысанға кіру ақысы шетелдіктерге ұнамай қалды

0
2 557

«Әзірет Сұлтан» қорық музейіне кіру ақысының тарифі екі түрлі екені жөнінде әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер жариялануда.


​ОҚО-да туристік нысанға кіру ақысы шетелдіктерге ұнамай қалды

фото: elana.kz

«Әзірет Сұлтан» қорық музейіне кіру ақысының тарифі екі түрлі екені жөнінде әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер жариялануда. Осы мәселенің жай-жапсарын ERNUR.KZ ақпараттық порталының аймақтағы тілшісі анықтады.

«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің баспасөз қызметіне жауапты өкілі Д.Қожамұратов: «Музейге кіру билетінің ақысын бекіту «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің құзырына кірмейді. Мәдениет және спорт министрлігінің тағайындауымен жүзеге асады», - дедді.

Сондай-ақ, желіде талқыға түсіп жатқан мәселе төңірегінде музей өкілі ойын былайша жеткізеді: «Музейге кіру билеті шетелдіктерге жоғары болуы бұл әлемдік тәжірибеде бар. Италия, Чехия, Түркия, көршілес Ресейдің Эрмитаж музейінде де шетелдіктерге билет құны жоғары», - деді Д.Қожамұратов.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы №585 қаулысына сәйкес «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК (Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) болып қайта құрылған. Музейге кіру ақылы болған себебі, музей өзін өзі қаржыландыру тиіс. Музейге ақылы кіру жоғарыдағы қаулыға сәйкес 2015 жылдың 3 қарашадан бастап күшіне енген.