Түркістан облыстық мәслихатының 4 бірдей шақырылымының депутаты, қоғамдық кеңесті басқарған ел ағасы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Өмірзақ Пердебекұлы Мелдеханов өмірден озды.
«Құрмет» ордені, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттары, «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»,, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасы, «ҚР ҰҚК Шекара академиясына 80 жыл» мерекелік медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен наградталған.