Өмірзақ Шөкеев: Сел салдарымен күресте «Мақтаарал тәжірибесін» пайдаланамыз

0
725

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсерлі жауын салдарынан бірнеше ауданды су шайды.


Өмірзақ Шөкеев: Сел салдарымен күресте «Мақтаарал тәжірибесін» пайдаланамыз

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді.

«Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. Сел салдарымен күресте Мақтаарал тәжірибесін пайдаланамыз. Су шайған аумақтар секторға бөлінген. Оларға көмекке келген аудандардың басшылары жауапты. Жұмылып төтенше жағдайды еңсеруге барлық мүмкіншілік бар», – деді Өмірзақ Шөкеев штаб отырысында.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсерлі жауын салдарынан бірнеше ауданды су шайды. Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. Су тасқыны зардабын жоюа 612 маман мен 84 техника 47 мотопомп жұмылдырылды.