"Ордабасы алаңы" көшірілді

0
4 383

​Шымкентте Қазыбек би көшесіндегі «Ордабасы алаңы» аялдамасының орны ауысып, Филармония ғимаратынан 100 м жерге орналастырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкентте Қазыбек би көшесіндегі «Ордабасы алаңы» аялдамасының орны ауысып, Филармония ғимаратынан 100 м жерге орналастырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындары әдеттегідей қоғамдық көлікті бұрынғы аялдамада күтіп, тоқтамай өтіп кеткен автобустарға наразылығын білдіруде: «Аялдама қашан ауысты? Бұл туралы неге алдын ала айтылмады?» - десіп жатыр. Аялдаманың ауысу себебі де қала тұрғындарына түсініксіз. Кеңес дәуірі кезінен шымкенттіктер осы аялдамада қоғамдық көлікті тосатын еді. Ескі орнында автобус тоқтауға ыңғайлы қалтарыс та бар болатын.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аялдаманың ауысу себебін негізді деп түсіндерід. Келесі аялдамамен аралықты қысқарту қажет болғандығын алға тартады.

«Мұның себебі, №8 мектеп аумағында тұрған келесі аялдама аралығы – 600 м, жолаушыларға ол алыстық етеді. Сондықтан да әкімшілік полиция мен біздің АД және ПТ бөлімі мамандарының ортақ тексеруінің нәтижесінде аялдаманы 100 метрге №8 мектепке жақындатуды ұйғардық», - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев.

Ескі аялдама орнынан алып тасталады. Бұл жерде көлік күтудің қажеті жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін өткен жылдың қыркүйек айында Төле би көшесінің бойындағы «Акбар» және «Военкомат» алдамалары біріккен болатын.