"Өзбекстан жақтан су қатты кетіп жатыр", - дейді сәкен Қалқаманов тікелей эфир барысында.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінің тікелей эфирінде "Өзбекстан біздің жаққа бір тамшы су да бармайды деген. Бірақ Мақтаарал ауданына су келуді жалғастырып жатыр", деп мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Неге біз эвакуация жұмыстанын кеш жүргіздік? Себебі, өзбек тарапы ресми түрде куәландырды. Бізде өзбек тарапымен алмасқан мәліметтер сақтаулы тұр. Онда кешегі сағат сегіз шамасында жағдай тұрақты ешқандай проблема жоқ екені айтылған. Тіпті, Түркістан облысы Мақтаарал ауданына су келетініне алғы шарт болмаған", - деді Қалқаманов тікелей эфир барысында.
Осы орайда Сәкен Қалқаманов өңірді су басқанын атап өтті.
"Түркістан облысының әкіміне Өзбекстанның су ресутары жөніндегі министрі су ағыны тоқтатылды деген. Бірақ неге екені белгісіз су келіп жатыр... Ол біз жаққа яғни Өзбекстан тарапынан Мақтаарал ауданына бір тамшы су да бармайтынын айтқан. Судың деңгейі 45 сантимерге төмендеген сияқты деген. Алайда біздің каналдар мен коллектордағы судың деңгейі орташа есеппен сағатына 10-20 сантиметрге көтеріліп жатыр", - дейді ол.
Сондай-ақ әкімнің орынбасары су тасқыны зардабының алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Түркістан облысы төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов аудандағы ауылдарды су басқан кезде бірден Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігіне хабарласқанын жеткізді.
"Олар біздің уақытпен кешкі сағат 20:15-те су қоймасы жабылғанын айтты. Бірақ мен Мақтаарал ауданындағы Жаңа Тұрмыс ауылына барғанда мұның ешқандай нәтиже бермегінін көрдім. Су ағысы қатты болды. Елді мекендердегі барлығы тұрғынды құтқарып үлгердік. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ол.